ТМД елдері жастарының халықаралық студенттік қауымдастығының конференциясы

2020 жылдың 13- наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласында ТМД елдері жастар арасында Халықаралық студенттер ассоциациясының (Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ) ұйымдастыруымен конференция өтті. Еліміздің жастарын қолдау мақсатында қолға алынған халықаралық жоба аясында физика-математика факультеті, информатика кафедрасына қарасты 4 курс студенттері Құспанова Айзат, Бектурганов Мендыхан, Хамитов Жасұлан ғылыми жобалары үздік деп танылып, 2- кезеңге жолдама алып, аталмыш конференцияға қатысып қайтты. Олардың ғылыми мақалалары «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің қолдауымен шығарылған «Үздік жас ғалым-2020» атты талантты жас ғалымдардың кітап жинағына мақалалары басылып шықты.

Марапаттау рәсімі Нұр-Сұлтан қаласында Министрліктер үйінде салтанатты түрде өткізілді. Конференцияда модератор ретінде «Мосты согласия» қоғамдық ұйымының жетекшісі, PhD-доктор, Л.Н. Гумелев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасының доценті Х.Маслов, педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мемлекет тарих институты» бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан тарихы бойынша 8- сынып оқулығының авторы Ж.Қалиев, ҚР мемлекеттік рәмізі- Елтаңбасының авторы Ж.Мәлібеков және Лос-Анджелес, АҚШ UCLA университетінің «Болашақ» Президенттік бағдарламасының стипендиаты Е.Ешім қатысты. Ж.Мәлібеков өзінің зерттеу жұмысының тұсаукесерін жасады. Конференция соңында модераторлар қасысушыларды құттықтап, «Жас ғалым-2020» марапаттарымен ҚР ақпарат және қоғамдық қорғау министрлігінің мәжіліс залында төсбелгісін табыстады.

Осы жобаға жетекшілік жасаған Ғұмаров Ғали Сағынғалиұлы

техника ғылымдарының докторы, профессор, іскерлік әкімшілік

магистрі, АББX академигі, РЖА корреспондент-мүшесі.

Печать