Информатика кафедрасының ZOOM платформасында 1 курс студенттеріне арналған «Нашақорлық – қауіпті індет, алдын алу - міндет» атты кураторлық іс-шара

2020 жылдың желтоқсан айында жоспарланып отырған тағы бір өзекті тақырыптың бірі нашақорлық туралы.

Есірткі – адамның өміріне жақсылық әкелмейтінін сіздер жақсы білесіздер. Барлық адамдар басында есірткі қабылдауды қызығушылықпен бастайды. Кейіннен, соған тәуелді болып қалады. Ал тәуелділіктің арты қайда апаратындығы баршамызға мәлім. Сондықтан жастар, өздеріңізді Қазақстанның болашағы екендіктеріңізді сезіне отырып, нашақорлыққа қарсы күресуіміз керек. Сонымен қатар, зиянды әдеттерден аулақ болып, саламатты Қазақстанның өркендеуіне үлес қосуымыз керек – деп, жастарды спортпен шұғылдануға шақырды. Ал есірткінің адамның ағзасына тигізер кері әсері жөнінде баяндама жасаған нарколог-дәрігер Сергей Поляков нашақорлық – адамзаттың түбіне жететіндігін айтты. Сөзіне сүйенсек, барлық есірткілер ауруды басатын әсері болғандықтан, есірткі қызметі аяқталған соң адам ауруды тым сезгіш болады. Мысалы, апиындар жөтел орталығын тұншықтырады, сондықтан есеңгіреу жағдайынан шыққан адам жөтел ұстамасына ұшырайды. Сондай-ақ, ағзадан есірткіге қарсы шығарылған гормондар қанағаттану орталығының қызметін тұншықтырады, адам төзгісіз ауруды сезінеді. Есірткінің осындай зияндарын жеткізген нарколог-дәрігер қатысушыларға нашақорлардың арбауына түсіп қалмауын ескертті.

50.png - 92.88 kB

 

51.png - 114.66 kB

Топ кураторы

Булбул Сагингалиевна

 


Печать