Информатика кафедрасы бойынша 2019-2020 оқу жылына бекітілген мектеп бойынша кәсіби-бағдар жұмыстары жүргізілуде.

Информатика кафедрасы бойынша 2019-2020 оқу жылына бекітілген мектеп бойынша кәсіби-бағдар жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ, информатика кафедрасының аға оқытушысы Ғ.Г. Мухамбетова 2019 - жылдың 9- қараша күні информатика кафедрасының кәсіби - бағдар жұмысын жүргізу жоспары бойынша қаламыздың №1 ЖОББМ -нің түлектеріне және 7-қараша күні аға оқытушы,магистр Т.М.Манаппова мен оқытушы, магистр Б.М.Капышева №43 ЖОББМ –нің түлектеріне кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу шарасын өткізді.

Шара барысында оқушыларға облысымыздағы ең ірі мемлекеттік жоғары оқу орны және аймақтағы оқу-ғылыми орталықтың бірі болып табылатын 87 жыл тарихы бар М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жайында, оның жетістіктері мен жаңалықтары, мамандықтар жайында ақпараттар берілді. Әсіресе, физика- математика факультеті және информатика кафедрасының мамандықтарына толық тоқталып, мазмұнды мәліметтер берілді. Оқушыларға БҚМУ жайында шығарылған буклеттер таратылып, оқу орны туралы жарнамалық парақ мектеп түлектеріне арналған стендке ілінді.

Кездесу шарасы барысында оқушылар университетттің академиялық ұтқырлық бойынша студенттердің алыс және жақын шет елдерде білім алуы, қос диплом алу мүмкіндігі жайында сұрақтар қойылып, қызығушылықтарын танытты.

Кездесуге қатысқан мектеп ұжымының мүшелері мұндай кәсіби бағдар шарасының түлектерге мамандық таңдауда өте қажет екенін және оқушылардың пайдалы ақпарат алғанын айтып, түлектер және олардың ата- анасымен бірге өтетін көктем мезгілінде жоспарланған кездесу шарасына қатысуымызды сұрады.

Кәсіби-бағдар жұмысына жауапты оқытушы, магистр Г.А.Дошева


Печать