6В06102 Ақпараттық жүйелер

Білім беру бағдарламасы: 6В06102 Ақпараттық жүйелер (6В06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар)

Бітірушіге Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы 6B06102 Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасы бойынша бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Білім беру бағдарламасының мақсаты- ақпаратты өңдеудің тиімділігі жоғары әдістерге және жоғары білімді мамандардың сапасына деген заманауи талаптарға жауап беретін практикалық дағдылар мен көсбасшылық қасиеттерге ие, алған білімдерін ақпараттық жүйе саласында қолдана алатын білікті ІТ-мамандарын дайындау.

Бітірушінің кәсіби қызметінің саласы:әр түрлі ақпараттық жүйелерді жасайтын, іске қосатын және қолданатын мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар, атап айтсақ машина құру, металлургия, көлік, телекоммуникация, ғылым және білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық саласы, қызмет көрсету саласы, әкімшілік басқару, экономика, бизнес, әртүрлі техникалармен басқару салалары.

Бейіндік пәндер: математика + физика


Печать